Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қараша 2020

87

Жаңалықтар

«Qazyna Food» ЖШС «Asar Qazan» дайын тағам жеткізу орталығына халал сертификаты табысталды

Қазіргі таңда дайын тағам тұтынушылар арасында сұранысқа жиі ие болып жатады. Сондай-ақ,тез әрі жылдам жеткізумәрі ас мәзіріне тың жаңалықтар кіргізу қазіргі заман талабына енген дүние. Осы бағытта қызмет етуді жаңадан қолға алған «Qazyna Food» ЖШС «Asar Qazan» дайын тағам жеткізу орталығын ҚМДБ-ның «Халал Даму» ЖШС –нің Қарағанды облысы бойынша өкілдігі «Халал өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандарты бойынша сертификаттады. Арнайы тексеріс жұмыстарын ҚМДБ-ның өңірлік жауапты өкіл Ысқақ Абдрахманов жүргізіп, күмәнді деп танылған өнімдер мен тағамдық қоспалар лабораториялық зертханаға жіберілді. Барлық қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық процесс тексерілді. ![WhatsApp Image 2020-11-25 at 17.30.20 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/e40/8ed/5fbe408ed40fc158411637.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-25 at 17.30.21.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/e40/99d/5fbe4099d3bef573521734.jpeg)

Бөлісу: