Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

03 желтоқсан 2020

33

Жаңалықтар

"ҚМДБ халал" оқыту орталығында семинар

**«ҚМДБ халал» оқыту және білім жетілдіру орталығында тағы бір оқу курсы өткізілді. Оқу-семинарға «Курочка ряба» мен «Prod company Pyarn» технологтары мен қатысушылары қатыстып, білімін жетілдірді.** Қызметкерлерінің халал жөнінде білімін жетілдіру мақсатында өткізілген семинарға «Халал Дамудың» бас технологы Айжан Омарова, технолог-сарапшы Арайгүл Бақытқызы, ветеринариялық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев дәріс оқыды. Халал өнімдер өндіру технологиясы, «Е тағамдық қоспалар», халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылтан стандарт талаптары, шариғатқа сай мал бауыздаудың талаптарын аят-хадис, дін ғұламаларының еңбегі негізіндегі үкімдерді ескере отырып, кеңінен тарқатып айтты. Білікті мамандардан білімін жетілдірген қасапшылар, діни басқарма қызметкерлеріне алғысын білдіріп, осындай оқу орталығының ашылғанына ризашылықтарын жеткізді. Алдағы уақытта алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыратындықтарын айтып, осындай оқу-семинарлардың жиі ұйымдастырылып тұруын сұрады. ![WhatsApp Image 2020-12-03 at 13.00.18.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/8c0/f9d/5fc8c0f9db756086638228.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-03 at 13.00.18 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/8c1/049/5fc8c10498c30274590883.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-03 at 13.00.15 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/8c1/109/5fc8c1109fe9d787997962.jpeg)

Бөлісу: