"ҚМДБ халал" орталығында алғашқы курс
**Жақында ғана ашылған, «ҚМДБ халал» оқыту және білім жетілдіру орталығында алғашқы оқу курсы өткізілді. Оқу-семинарға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Халал Дамудан» сертификатталған қасапшылар қатыстып, білімін жетілдірді.** Қасапшыларға арналған алғашқы курсты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы бастап беріп, «ҚМДБ халал» қасапшыларының елімізде аналогы жоқ қызмет иелері екендігін, күллі мұсылмандар мен халал ет өнімін тұтынушылардың асының адалдығына тікелей жауапты мамандардың бірі екендігін жеткізді. Қасапшыларға өз міндеттеріне үлкен мұқияттылықпен қарауды тапсырып, қасапшылықтың аса маңызды, әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін халық үшін жасалатын игі қызмет екендігі атап өтті. «ҚМДБ-ң шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Хасан Аманқұл шариғатқа сай мал бауыздаудың талаптарын аят-хадис, дін ғұламаларының еңбегі негізіндегі үкімдер мен талаптарды ескере отырып, кеңінен тарқатып айтты. «Халал Дамудың» ветеринариялық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев мал сою және ет өңдеуге қойылатын халал стандарт талаптарын тағы бір мәрте түсіндірді. Сонымен қатар, мал союдың қыр-сырын тереңірек жеткізіп, жіті көңіл бөлу керек болған тұстарына тоқталды. Білікті мамандардан білімін жетілдірген қасапшылар, діни басқарма қызметкерлеріне алғысын білдіріп, осындай оқу орталығының ашылғанына ризашылықтарын жеткізді. Алдағы уақытта алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыратындықтарын айтып, осындай оқу-семинарлардың жиі ұйымдастырылып тұруын сұрады. ![IMG_9935.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/4e8/3fd/5fb4e83fd5fcb124729129.jpg) ![IMG_9895.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/4e9/044/5fb4e9044c6e2682366800.jpg) ![IMG_9931.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/4ea/8d8/5fb4ea8d8725c653307769.jpg) ![IMG_9927.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/4ea/f4d/5fb4eaf4d3550187583970.jpg)