Қостанай: «Beef Export» қасапханасы тексерілді
Еліміздің барлық өңірінде жалғасын тауып жатқан ақпан айының кезекті тексеріс жұмыстары Қостанай облысында да өз жалғасын табуда. «Халал Дамудың» ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев пен жергілікті бақылаушы Алишер Балахмет «Beef Export» қасапханасында бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізді.
Тексеріс барысында мал бауыздауға қатысты қойылатын халал стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақты қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы, малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген уақытқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді процесстердің барлығында халал стандарт талаптарының жүйелі жүзеге асуы ескерілді.
Қорытынды актіге сәйкес, тексеріс барысында халал стандарты талаптарын бұзу немесе сақтамау жағдайлары анықталмады.