ҚОСТАНАЙ: "BEST BURGER" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Қостанай қаласы тұрғындарының қоржыны тағы бір "QMDB halal" өніммен толықты. Бұл жолы фаст-фуд тағамдарын әзірлейтін "Best Burger" дәмханасы "QMDB halal" талаптарына сай деп танылып, "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандарты бойынша сертификатталды.
"Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Алишер Балахметтің жеке бақылау-қадағалауы мен технолог мамандардың тексеріс шараларының оң қорытындысынан кейін, "Best Burger" фаст-фуд өнімдерін өндіруші "Райымбеков" кәсіпорнына "QMDB halal" сертификаты табысталды. "Фастфуд - тұтынушылардың кең қолданысы мен сұранысына ие болған өнімдердің бірі. Бүндай азық-түліктердің халал түрінің болуы уақыт пен халықтың талабы. Сол себепті, біз де өз өңірімізде халал қоғамдық асханлар мен өндіріс орындары, азық-түліктер санын арттырып қана қоймай, сапасын қадағалау мақсатында қызмет атқарудамыз. Жастардың жиі тұтынатын фаст-фуд өнімдерінің халал әрі таза болуы келешек ұрпақтың денсаулығы мен руханиятына тікелей әсер етеді деп ойлаймын. Біз ішкен-жегінімізге жіті мән беруіміз керек", – деген Алишер Балахмет халал өнім өндіруші дәмхана басшылығына өңірдегі халалдың дамуына қосқан үлестеріне алғысын білдіріп, "халал" таңбасының маңыздылығын түсіндірді.
"Best Burger" сауда белгісімен шығарылатын халал фаст-фуд өнімдері сіздерді Қостанай қаласы, Б.Майлин көшесі, 21 мекен-жайында күтеді!