Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

19 мамыр 2021

25

Жаңалықтар

ҚОСТАНАЙ ОБЛ.: ХАЛАЛ БАҒЫТЫ БОЙЫНША СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ ҮГІТ-НАСИХАТ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

"Халал Дамудың" Қостанай облысы бойынша жауапты өкілі Алишер Балахмет өңірдегі алыс-жақын аудандарда халал сертификаттау және адал ас тұтынудың маңыздылығы жөнінде үгіт-насихат шараларын жүргізіп, бірқатар кәсіпорындарда бақылау-қадағалаудан өткізді.

Аймақтық іссапар барысында Рудный қаласы, Бейімбет Майлин, Қарабалық аудандарындағы кәсіпорындарда сертификат алудың маңызы, мақсаты мен тәртібі, реті түсіндіріліп нәтижесінде "Адал ұн" наубайханасы мен "МедиДез" дезинфециялық препараттар кәсіпорны сертификаттаудан өтуге өтініш білдірді. Қарабалық ауданындағы жаңа қасапхананың іргетасы қаланып, "QMDB halal" стандарты талаптарына сай жұмыс жасайтын болып бекітілді.

"Статистика мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 10 млн-ға жуық мұсылмандар бар екен. Алайда олардың халал тауарларды пайдалану жөніндегі сұранысын Қазақстан әлі толық қанағаттандыра алмай отыр. Кедергі болып, аяққа оралып тұрған ешнәрсе жоқ. Бар болғаны аянбай жұмыс істеу керек. Сондықтан, біз де өз міндетімізді кемеліне жеткізіп атқару мақсатында өңіріміздегі үлкенді-кішілі аудан-ауылдарда ақпараттандыру, насихат шараларын жүргізудеміз", – деген Алишер Балахмет іссапардың нәтижелі болғандығын жеткізді.

Бөлісу: