Қостанай өкілі қасапшыларға дәріс оқыды
**"Халал Дамудың" Қостанай облысындағы өкілдігінде тағы бір оқу-семинар өткізілді. Оқу-семинарға "ҚМДБ халал қасапшы" куәлігін алуға ниет білдірген жергілікті қасапшылар қатыстып, білімін жетілдірді.** Қасапшылардың халал жөнінде білімін жетілдіру мақсатында өткізілген семинарда Қостанай өңірі бойыншы жауапты өкіл Алишер Балахмет дәріс оқыды. Мал бауыздау және ет өңдеу мәселесін аят-хадис, дін ғұламаларының еңбег, халал стандарт талаптары негізіндегі үкімдерді ескере отырып, кеңінен тарқатып айтты. Білікті маманнан білімін жетілдірген қасапшылар, діни басқарма қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Алдағы уақытта алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыратындықтарын айтып, осындай оқу-семинарлардың жиі ұйымдастырылып тұруын сұрады. ![WhatsApp Image 2020-12-29 at 12.05.13 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5ff/703/f9b/5ff703f9ba912353737472.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-12-29 at 12.05.14.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5ff/704/052/5ff704052d57a450032538.jpeg)