ҚҰРМАНЫ ҚАЛАЙ ТАҢДАЙМЫЗ?!
Құрманы таңдағанда оның сыртқы қасиеттеріне мән беруіміз тиіс.
Біріншіден, құрманың түсі біркелкі қанық қоңыр түсті және жылтыр емес болуы тиіс.. Құрманың беті жылтыр болса, оны қантты шәрбәтпен өңдеуі мүмкін. Құрманың кемшіліктерін жасырып әрі тәтті дәм беру мақсатында осылай өнделеді. Бұндай құрма жабысқақ болып келеді, сондықтан оның үстіне қоқыс пен шан - тозаң жабысады. Оны қалай тексереміз? Құрмаға полиэтилен пакетін тигізсе, ол жабысып қалады.
Екіншіден, зақымдалмаған қабықты құрма алған дұрыс. Себебі жарылған жерлеріңе зиянкестер шоғырлануы ықтимал.
Үшіншіден құрманың ішінде сүйегі не дәне (косточка орысшасы) болғаны дұрыс.
Төртінші - құрманың жұмсақ болғаны дұрыс па әлде қатты болуы тиіс па? Екі нұсқа да келмейді... себебі тым жұмсақ - онда ылғалдық көп екенің білдіреді, ал тым құрғақ - ұзақ сақталғанине піспей қалған болуы мүмкін
Бесінші нұсқаулық - артық иісі болмауы тиіс.
Алтыншы кеңес - арасы бос болмау керек.
Жетінші - беті қанттанып кетпеуі тиіс
"Халал Даму" технологы Айзат Сатаева