Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

27 қыркүйек 2020

57

Жаңалықтар

Қызылорда: "ҚЗО ет" қасапханасы сертификатталды

***Қызылорда қаласында «KZO ЕТ» қасапханасы «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** Қасапхананың басты ерекшелігі - мал сою процессін онлайн режимде, видеобақылау арқылы қадағалауды жүзеге асыруында.Бейнебақылау - мал бауыздау және ет өңдеуге қойылатын шариғат және стандарт талаптарының орындалуын 24 сағат бойы кез-келген жерден бақылауға, таспаны қайталап көруге мүмкіндік береді. «ҚМДБ халал» сертификатын Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы табыстады. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Перизат Шарапатова қасапхана аймағында аудит жұмыстарын жүргізіп, қасапшылардың стандарт талабына сай жұмыс жасауын қадағалады. Қасапшыларға шариғат және халал стандарт талабы бойынша мал сойып, ет өңдеудің ерекшеліктері мен маңыздылығы жөнінде оқу-семинар өткізілді. «KZO ет» қасапханасы «Мал бауыздау және ет өңдеу стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. «КZO ет» өнімдеріне берілген «ҚМДБ халал» сертификатының жарамдылық мерзімі: 21.06.2020-22.06.2021*

Бөлісу: