Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

13 сәуір 2022

173

Жаңалықтар

Қызылордадағы кәсіпорындар тексерілді

«Халал Даму» технологы Жаннат Ахметқызының Қызылорда қаласына іс сапары барысында өңірдегі бірқатар кәсіпорындар өндірісі мен қызметіне аудит жүргізілді. Кезектен тыс бақылау-қадағалау шараларына жергілікті өкіл Перизат Шарапатова да қатысты.

Тексеріс барысында «Arafat», «Buffet City» дәмханалары, «Maki Maki», «Veranda street» фаст-фуд өнімдері,  ЖК «Алменов» жартылай фабрикаттары, «Нұр» мешіті асханасы, «Magnum» сауда орындарындағы ет және шұжық өнімдері тексерілді. Технолог және инспектор-контролер мамандардың қатысуымен жүргізілген аудит барысында кәсіпорын қызметкерлерінің бекітілген талап-тәртіптерді сақтауы, өндіріс аумағының ішкі санитарлық тазалығы, халал талаптарына сай өнім өндіруі, сақтауы, тасымалдауы, сатуы қадағаланды.

Кезектен тыс аудит қорытындысы бойынша «Veranda street», «Maki Maki», «Buffet City», «Arafat», ЖК «Алменов», «Magnum» сауда орындары, «Нұр» мешіті асханасы халал талаптарына толықтай сай екендігі анықталса, «Тәтті әлем» кондитерлік цехына, бірқатар дәмханаларға ескертулер жасалды.

Бөлісу: