Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

10 қыркүйек 2020

73

Жаңалықтар

"Rayan" дәмханасы тексерілді

***«RAYAN» - Қарағанды қаласы бойынша алғашқылардың бірі болып «ҚМДБ халал» сертификатын алған қоғамдық тамақтану орны.** Келген қонақтарға ұлттық дәстүрге негізделген, халал әрі дәмді ас мәзірін ұсынады. Халал Даму» мамандары тарапынан өткізілген аудит нәтижесі бойынша «халал стандарт» талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Дәмхана аумағының санитарлық тазалығы және қызметкерлердің «халалға» айрықша мән беруі технолог мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Тағамдық қызметтер және өнім өндіру кезінде «Rayan» дәмханасы «ҚМДБ халал» стандарты талаптарын толықтай орындайтындығына көз жеткізілді. Құрметті, Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары халал әрі дәмді ас тұтынғыларыңыз келсе “Rayan” дәмханасы сіздерді Зональная 1/1 мекен-жайы бойынша күтеді.*

Бөлісу: