"RUMI" ресторан желісі сертификатталды
Алматы және Астана қалаларындағы ірі ресторандар желісінің бірі – "RUMI" халал сертификатына ие болды. "RUMI" "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар" стандартына сай сертификатталды. Сертификатты "Халал Даму"директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
"Қоғамдық тамақтану орындарын сертификаттау ұқыптылық пен тиянақтылықты қажет етеді. Себебі, шикізатынан бөлек, ас-суына дейін тексеруге тиіспіз. "RUMI" рестораны да технологтар мен бақылаушылар тарапынан толықтай тексерілді. Ресторанның өндіріс аумағы, дайын тағамдары, санитарлық тазалығы өте жоғары деңгейде", – деген Айбек Асқарбекұлы "RUMI" рестораны қызметіне көңілі толатынын жеткізді.
"RUMI" ресторан желісі "QMDB Halal" сертификаты 16.05.2024 жылға дейін жарамды екендігін хабарлаймыз!
Мекен-жайлары:
Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 2Т;
Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 62;
Алматы қаласы, М.Мақатаев көшесі, 127/1;
Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 92/87;
Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 7, н.п. 1А;