Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 мамыр 2022

172

Жаңалықтар

«Сарыбұлақ» құс фабрикасы тексерілді

«Халал Даму» мамандарының Алматы облысына іс сапары барысында «Сарыбұлақ» құс фабрикасында бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді. Аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технологтар Данияр Сафиев, Әсел Сыдық, жергілікті инспектор-контролер Жұмабеков Жанәбіл орындады.

«Құс фабрикасының инкубация цехы, құс бауыздау және ет өңдеу, шұжық өнімдерін дайындау секілді түрлі цехтары тексерілді. Аудит кезінде құсты қолмен бауыздау, жем-шөбінің стандартқа сәйкестігі, құс етін өңдеу процесстерінің бекітілген талап бойынша орындалуы қадағаланады. Құс фабрикасындағы аудит нәтижесі бойынша өндіріс барысында бекітілген халал стандарты талаптарының толық сақталатындығы анықталды. Тексеріс нәтижесі оң», - деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.

Бөлісу: