Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 желтоқсан 2020

40

Жаңалықтар

МИНИСТР ХАЛАЛ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ

**28.12.2020 жылы Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі Б.Т. Сұлтанов пен Алматы облысының әкімі А. Г. Баталов тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктермен, аккредиттеу субъектілерімен және бизнес қауымдастықпен кездесті.** Жиынға қатысқан "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы «Жол картасы» бағдарламасында көрсетілген Елбасы тапсырмасы бойынша отандық ауылшаруашылық өнімдерін «халал» таңбасымен Парсы шығанағы елдеріне тасымалдау және сату үшін «Халал Даму» мекемесін Ұлтттық аккредиттеу орталығы мен халықаралық ESMA ұйымнан аккредиттеуден өткізу,Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын аккредиттеу жұмысына бейтарап тарап ретінде қатыстыру, сауда орындарында «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталмаған өнімдерді таза, адал өнімдермен қатар сату шараларын жүйелендіру, мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, кездесу барысында өңірлік кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мен Atameken Business City қызметі туралы баяндады. Өңірдегі маңызды бизнес бастамалардың жүзеге асырылу барысы мен адами капиталды дамыту саласындағы жобалармен таныстырды. Кәсіпорындар жанынан ашылған оқу орталықтарының жұмысы, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен жаңа кәсіпті игерген мамандар санының көрсеткіші, кәсіби-техникалық білім беру саласына сараптама жасалынды. ![IMG_9666.JPG](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/9d8/d86/5fe9d8d863d90400451128.jpg)

Бөлісу: