Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

17 қаңтар 2021

151

Жаңалықтар

СЕМЕЙ: "АДАЛ АС" КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

**Семей қаласында орналасқан кондитерлік өнімдер өндіруші «Уранхай» кәсіпорны «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды. Кондитерлік өнімдер «Адал ас» сауда белгісімен шығарылады.** Соңғы технологиялық құрал-жабдықтардың көмегімен бауырсақ, құрт, жент секілді ұлттық өнімдер өндірісін жандандырып қана қоймай, торт т.б кондитерлік өнімдердің де халал түрлерін дайындайды. «Халал Даму» маманы Данияр Сафиев Семей аймағындағы арнайы іссапары барысында «Уранхай» кәсіпорнының өндіріс аймағында болып, бақылау-қадағалау шараларын орындады. Өндіріс аймағы санитарлық тазалық талаптарына толықтай сай, «ҚМДБ халал» стандартын бұзу жағдайлары анықталмады. «Уранхай» кәсіпорны «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылып, «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды. «Адал ас» кондитерлік өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 15.09.2020 – 14.09.2021. Мекен-жайы: Семей қаласы, Клубная көшесі,1. ![WhatsApp Image 2021-01-16 at 17.16.26 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/3c8/30a/6003c830aa08a705752183.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-16 at 17.16.25 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/3c8/3e0/6003c83e07b36939793276.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-01-16 at 17.16.26.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/600/3c8/681/6003c8681bbb9562490871.jpeg)

Бөлісу: