СЕМЕЙДЕГІ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛДІ
Семей аймағындағы сертификаттаудан өткен бірқатар кәсіпорындарда кезекті айлық бақылау шаралары орындалды. Ревизорлық тексерісті "Халал Дамудың" технологы, ветеринарлық санитария ісінің маманы Данияр Сафиев пен жергілікті инспектор-контролер Серкқали Бейсенұлы орындады. Мамандардың қатысуымен "Жоламан" қасапханасы, "Қалиханұлы Ш.Қ" кәсіпорнының сүт және шұжық өндіріс орындары және "Арай East Food" шұжық цехы тексерілді.
Мамандар жоғарыда аталған кәсіпорындарда жүргізілген бақылау-қадағалау шаралары оң нәтиже көрсеткендігін, өндіріс орындарда халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмегендігін мәлімдеді. Тексеріс қорытындысы бойынша, "Жоламан" қасапханасы, "Арай East Food" шұжық цехы, "Қалиханұлы Ш.Қ" қызметі мен өндірісі, дайын өнімдері бекітілген "QMDB HALAL" стандарты талаптарына толықтай сай.