«SHAURMA FOOD» ДӘМХАНАСЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Астана қаласындағы ең ірі тез тамақтану орындарының бірі «Shaurma Food» фаст-фуд өнімдері «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Сертификатты «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады.
«Shaurma Food» –түрік асханасы, шығыс тағамдары, балалар тағамы секілді түрлі ас мәзірін тиімді бағамен ұсынатын отбасылық тамақтану орны. Дәмхананың өндіріс аймағында аудит шаралары жүргізіліп, технолог мамандар барлық шикізаттары мен тағамдық қоспаларын тексерді. Қажетті қоспалары лабороториялық зерттеуден өткізілді. Барлық зерттеу және бақылау жұмыстарының оң нәтижиесінен кейін «Shaurma Food» дәмханасына сертификат рәсімделді.
«Shaurma Food» дәмханасына сертификат табыстаған Айбек Асқарбекұлы аталған кәсіпорын басшылығына халал индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі. Өз кезегінде, «Shaurma Food» кәсіпорны «Халал Даму» мамандары қызметін жоғары бағалап, «QMDB Halal» таңбасына лайықты жұмыс жасайтындарын жеткізді.
Астана қаласындағы барлық «Shaurma Food» дәмханасының нүктелері халал стандарты бойынша сертификаттаудан өткендігін хабарлаймыз!