Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 қараша 2020

136

Жаңалықтар

«Shoq doner» донер сертификатталды

**Еліміздің батыс өңірі Атырау қаласында «Shoq doner» донер өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** Тағам дайындауда қолданылатын дайын өнімдер мен тағамдық қоспалар технолог мамандар тарапынан толықтай тексеріліп, қажетті өнімдерге зертханалық сараптама жүргізілді. Рұқсат етілмеген, күмәнді азық-түліктер мен қоспалар қолданыстан алынды. «Халал Даму» мамандарымен бірлесе жүргізілген жұмыс нәтижелерінен соң, «Shoq doner» донерлері «Тамақтану қызметтері», «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт талаптары» бойынша сертификатталды. "Nur SerAdi" кәсіпорны қызметкерлеріне оқу-семинар шаралары өткізіліп, «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды. «Shoq doner» фаст-фуд өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 15.10.2020-14.10.2021 Халал, табиғи таза әрі дәмді, тез дайындалатын донерден дәм татқыңыз келсе, Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 15 үй мекен-жайына келіңіз! ![WhatsApp Image 2020-11-28 at 15.24.27.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/246/0e1/5fc2460e19d2a169341018.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-28 at 15.24.28 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fc/246/2e5/5fc2462e5924c691364875.jpeg)

Бөлісу: