ШҚО: Кәсіпорындарға сертификат, қасапшыларға куәлік берілді
**Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Перевалная ауылындағы «Достық жолы» ЖШС «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.** Бұл – күнбағыс майын өндіретін, шығыстағы іргелі кәсіпорындардың бірі. Халықты маймен қамтамасыз етіп отырған бұл мекеменің халал қатарына өтуі өңір үшін аса маңызға ие. Сонымен қатар халал сертификатын иеленгендер қатары «Адал ет» деп аталатын өніммен де толықты. Бұл мекеме қасапшыларына «Қасапшылық куәлігі» де қоса табысталды. Сертификаттарды тапсырған ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы: «Дінімізде халал ас тұтынуға ерекше маңыз берілген. Қазіргі таңда халал тағамдарға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Қазіргідей індет жайлаған кезеңде халал ас тұтынудың маңыздылығы да ерекше» деп атап өтті. Бас имам сонымен қатар кәсіп иесіне берекет тілеп, атына заты сай болып, халыққа адал қызмет етуге үндеді. ![b4107618-b617-4b02-a4d9-2798d23337e8.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fe/ad1/789/5fead17899fb5987482648.jpg)