ШЫМКЕНТ: 8 ҚАСАПШЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы «Ет Агро Манкент» қасапханасының сегіз қасапшысы «QMDB Halal қасапшы» куәлігіне ие болды. «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен халалдың жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев қасапшыларға кәсіби даярлық пен біліктілікті арттыруға бағытталған семинар өткізіп, әр қасапшыға арнайы куәлікті табыстады.
Куәлікті табыстау барысында Айбек Асқарбекұлы: «Қасапшыларға берілген куәлік олардың кәсіби деңгейін растайды және алдағы уақытта жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге ынталандырады», – деп шариғат талаптарына сай мал союдың талаптары мен ерекшеліктерін, қасапшылықтың маңыздылығын түсіндіріп, ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлесі үшін қасапшыларға алғысын білдірді.