Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

24 қазан 2024

221

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «АЙМАР ҚҰС» ФАБРИКАСЫНДА АУДИТ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданындағы «Аймар құс» фабрикасында айлық аудит жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларына «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен халалдың жергілікті өкілі Қазбек Сарыбаев қатысты. 

Аудит барысында құсфабриканың өндіріс процесі, жұмыртқалардың сапасы және санитарлық-гигиеналық жағдайлары тексерілді. Құс фабрикасының өндірістік қуатын, жұмыртқалардың сақталу және қапталу жағдайларын мұқият бақылап, халал стандарттарына сәйкестігін анықтады.

Құсфабрикасының қызметкерлерімен кездесуде Айбек Асқарбекұлы өндіріс барысында халал стандарттарын сақтау маңызды екенін түсіндірді. Сонымен қатар, тұтынушылардың халал өнімдеріне деген сұранысының артып келе жатқанын және бұл жағдайдың жауапкершілікпен қарауды талап ететінін атап өтті.

Бөлісу: