ШЫМКЕНТ: "ALI DONER" ФАСТ-ФУД ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Шымкент қаласындағы "Ali Doner" фаст-фуд өнімдері "QMDB halal" сертификатына ие болды. Сертификаттауға Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы мен "Халал Дамудың" жергілікті өкілі Қазыбек Сарыбаева қатысты.
Қалалық бас мешітте жиналған "Ali Doner" дәмханасының басшылығы мен қызметкерлеріне халал өнім дайындау технологиясы, халал сертификаттың маңызы мен артықшылығы, өзге сертификаттардан ерекшелігі мен айырмашылығы жөнінде ақпараттандыру оқу-семинары жүргізілді. "Халал Даму" технологтары мен жергілікті инспектор-контролерлардың бірлескен жұмысының оң нәтижесінен кейін "Ali Doner" фаст-фуд өнімдері "Тамақтандыру қызметтері", "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды. "Эртаев" кәсіпкерлігіне тиесілі "Ali Doner" фаст-фуд өнімдеріне берілген "QMDB halal" сертификаты 21.04.2020-20.04.2021 мерзімі аралығында жарамды.
Бақылау-қадағалау шараларын жүргізген Қазыбек Сарыбаев: "Қазіргі таңда фаст-фуд немесе тез тамақтану индустриясы өте жақсы дамыған және сұранысқа ие салалардың бірі. Еліміздің оңтүстік өңірінде де фаст-фуд дәмханалары самсап тұр. Алайда, санитарлық және халал стандарты талаптарына сай келетіндері саусақпен санарлық. Фаст-фуд халық жиі тұтынатын өнім болғандықтарн, халал түрінің де болғаны дұрыс. Сондықтан да өңірде шариғатқа сай кәсіпорындар санын арттыруға барынша күш салудамыз. Бүгін сертификат табысталған "Ali Doner" фаст-фуд дәмханасының асханасынан бастап, өндірісте қолданылатын азық-түліктері, дәмдеуіштері толықтай тексерілді, – деп Шымкенттің тағы бір халал тамақтану орнымен толыққанын жеткізді.
Шымкент қаласы тұрғындарының оң бағасын алған "Ali Doner" фаст-фуд өнімдерін Тәуке хан көшесі, 14 мекен-жайында орналасқан дәмханасынан немесе жеткізу қызметі арқылы тапсырыс беріп ала аласыздар! "Ali Doner" фаст-фуд өнімдерінің "QMDB halal" стандарты талаптарына сай, халал екендігін хабарлаймыз!