Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

05 наурыз 2025

211

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫНА СЕМИНАР

Шымкент қалалық орталық мешітінің әйел жамағатына арналған «Рамазандағы адал астың маңызы» тақырыбындағы дәріс барысында «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты технологы Аружан Аралбай адал азық-түліктің мұсылман өміріндегі орны мен оның рухани және физикалық денсаулыққа тигізер пайдасы жайлы кеңінен түсіндірді.

Дәріс барысында  халал және харам ұғымдарына тоқталып, Рамазан айында мұсылманның ас мәзірінде адал өнімдердің болуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, халал сертификаттау үдерісі, өнімдердің құрамын тексеру жолдары, нарықтағы күмәнді ингредиенттер жайында да мағлұмат берді.

Жиынға қатысқан әйел жамағаты адал асты дұрыс таңдаудың жолдарын, дүкендерден өнім сатып алу барысында қандай белгілерге мән беру керектігін сұрап, көкейдегі сұрақтарына тұшымды жауаптар алды. Шара соңында жамағат осындай пайдалы дәрістердің жиі ұйымдастырылуын қолдап, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.


Бөлісу: