Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

12 ақпан 2021

67

Жаңалықтар

Шымкент: Кәсіпкерлер мен заңсыз пайдаланушыларға үгіт-насихат жүргізілді

**«ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорындар көп орналасқан аймақтың бірі – шырайлы Шымкент. Қазіргі таңда Шымкент қаласы бойынша 40-тан аса кәсіпорын «Халал Даму» бақылауында. Олар қоғамдық тамақтану орындары, кондитерлік дүкендер, шұжық цехы, сүт және май өнімдері, сусын, ұн өндірісі, қасапхана, ет дүкендері, тағамдық қоспалар, балмұздақ т.б түрлі өндіріс салаларын қамтитын кәсіпорындар.** Алайда, халық сұранысы мен тұтынушылар талабына сай өңірдегі халал өндіріс орындарын арттыру күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. Осы орайда «Халал Дамудың» Шымкент қаласы бойынша жауапты өкілі Сарыбаев Қазбек тұрақты түрде үгіт-насихат жұмыстарын, ақпараттандыру шараларын жүргізіп келеді. Бүгін, өңірдегі бірқатар кәсіпкерлердің басын қосып, діни басқармаға қарасты «Халал Даму» халал стандарттау және сертификаттау мекемесінің жұмысымен таныстырып, «ҚМДБ халал» сертификатының талаптары мен артықшылықтары жөнінде түсіндірді. > «Халал сертификаты не үшін қажет?! Сертификат сіздің кәсібіңізге не береді?! Қандай артықшылықтары бар?! Кәсіпкерлер тарапынан жиі қойылатын сұрақтар осы. Халал – шариғат талабы, халықтың сұранысы. Қазіргі өндіріс технологиясы дамыған заманда тағамның құрамына күдікпен қарайтын жағдайға жеткеніміз жасырын емес. Сол себепті, табиғилық пен тазалықтың кепіліне айналған «халал» таңбасына халық ерекше сенім артады. Біздің мүдде мен сіздің еңбектің ұштасуы арқылы тұтынушыларға адал өнім ұсынатын боламыз» – деген Қазбек мырза кәсіпкерлерге халал тақырыбын тереңірек түсіндіріп, қатысушылар сұрақтарына жауап берді. Жиын соңында «Малика» сауда белгісімен шығарылатын «Ураимжанов» кәсіпорнының кондитерлік өнімдеріне «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды. Кәсіпорнының кондитерлік өндірісте қолданатын шикізат өнімдері мен тағамдық қоспалары технолог мамандар тарапынан толықтай тексеріліп, лабораториялық зертхана жүргізілгеннен кейін, «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды. Сонымен қатар, жергілікті өкіліміз өңірдегі «ҚМДБ халал» таңбасын заңсыз пайдаланушы кәсіпорындарға қарсыда тиімді шаралар жүргізіп, жақсы нәтижелер көрсетуде. ![WhatsApp Image 2021-02-12 at 17.37.57.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/6a1/c4e/6026a1c4ed0b1958938578.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-12 at 17.37.51.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/6a1/c92/6026a1c9267e7489235121.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-12 at 16.44.26.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/6a1/d3d/6026a1d3dbbe7930314600.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-12 at 17.37.57 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/6a1/d9a/6026a1d9a1c67743454608.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-02-12 at 16.48.10.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/602/6a1/e8a/6026a1e8ae1d5854533673.jpeg)

Бөлісу: