Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

21 қараша 2022

81

Жаңалықтар

Шымкент: «Ладушки» кондитерлік наубайханасы сертификатталды

Шымкент өңірінде «Канжигитова Айжан Алихановна» ЖК-ның «Ладушки» атты кондитерлік наубайханасы ҚМДБ-ның Халал сертификатына ие болды.

Аталмыш кондитерлік өнімдер өндірушісі толығымен QMDB «Халал Даму» ЖШС-ның 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 “ХАЛАЛ” өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар” стандарты бойынша тексерілді. Тексеру жұмыстарын QMDB «Халал Даму» ЖШС-ның сарапшы маманы Аружан Аралбай жүргізді.

Өндіріс аймағы санитарлық тазалық талаптарына толықтай сай, «QMDB халал» стандартын бұзу жағдайлары анықталмады.

«Ладушки» кондитерлік өнімдеріне берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі: 13.10.2022 - 12.10.2023. Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тамерлановское шоссе көшесі, 6/3


Бөлісу: