Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қыркүйек 2022

73

Жаңалықтар

Шымкент: «Magnum» сауда желісі тексерілді

Шымкенттегі «Magnum Cash & Carry» сауда орнындағы ет және шұжық өнімдері тексерілді. Кезекті аудит шараларын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Аружан Аралбай орындады.

«Республика бойынша қарқынды дамып келе жатқан «Magnum Cash & Carry» сауда орталықтарындағы ет және шұжық орындарды «QMDB Halal» стандарт талаптарына сәйкес сертификатталғаны мәлім. Біздің жұмыс тек сертификат табыстаумен аяқталмайды. Сол себепті, еліміздің барлық өңірінде орналасқан «Magnum» сауда орындарын ай сайын тексеріп тұрамыз. Бүгін Шымкенттегі «Magnum» сауда желілерін қайта бақылаудан өткіздік. Аталған сауда орындарында халал өнімдердің кең ассортименті ұсынылған. Тексеріс барысы шикізат пен тағамдық қоспалардан бастап, өнімді сатуға дейінгі сатыларды түгелдей қамтыды. Халал өнімдерді жеткізу, қабылдау, сақтау, дайындау және сату процесінде халал стандарт талаптары толықтай сақталған», – деп хабарлайды Шымкент өңірінде кезекті тексерісте жүрген Айбек Асқарбекұлы.

Бөлісу: