Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

31 наурыз 2021

360

Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: "MEXXI" КӘМПИТТЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

**Көпшілікке "Mexxi" кәмпиттерімен танылған "Nurtau distributtion company" кәмпит фабрикасы "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталды.** Шымкент қаласы, Тассай индустриялық аймағында орналасқан кәмпит фабрикасында "Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Сарыбаев Қазбек бақылау-қадағалау шараларын жүргізіп, технологтар тексерісі мен лабороториялық зерттеу нәтижиесінен соң "Mexxi", "Diamond", "Bibo", "Riko", "Flashgam", "Zigzag" сауда белгісімен шығарылатын тәтті өнімдері "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылды. Сарыбаев Қазбек "Nurtau" кәсіпорны қызметкерлеріне "Шариғатқа сай халал өнімдер: талаптары мен тәртібі" тақырыбында кезекті оқу-семинарын өткізіп, қатысушылар сұрақтарына жауап берді. Семинар соңында фабрика басшылығына "ҚМДБ халал" сертификатын табыстап, алдағы уақытты өз қадағалауымен тексеріс жұмыстары жүргізіліп тұратындығын ескертті. "Nurtau" дистрибьютерлік компаниясының тәтті өнімдерін еліміздің бірқатар өңірлерінен таба аласыздар. ![WhatsApp Image 2021-03-31 at 17.31.12.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/468/9b4/6064689b47eff960159017.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-31 at 17.31.11.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/468/a07/606468a07db28558898052.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-31 at 17.31.12 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/468/b39/606468b39d8dd722505709.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-31 at 17.31.13 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/606/468/c20/606468c20a212826841217.jpeg)

Бөлісу: