Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қыркүйек 2022

101

Жаңалықтар

Шымкент: «Ордабасы құс» фабрикасы тексерілді

Шымкент облысындағы «Ордабасы құс»  фабрикасында бақылау шаралары жүргізілді. Ревизорлық аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы,  жергілікті инспектор-контролер Қазбек Сарыбаев,  технолог Аружан Аралбай орындады. 

«Бүгінгі бақылау шаралары жүргізілген «Ордабасы құс» фабрикасы индейка етін өндіруші еліміздегі бірегей кәсіпорындардың бірі. Кәсіпорын технология,  ветеринария және биоқауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарға сай. Сонымен қатар,  алдыңғы қатарлы өндірушілердің жоғары сапалы техникалық құрылғыларымен жабдықталған. Тексеріс барысында құстарды баптап-өсіруде қолданылатын жем-азықтың тазалығы, қасапшылардың шариғат және стандарт талаптарына сай құсты қолмен бауыздауы, өндірістің халал талаптарына сәйкестігі қадағаланды» – дейді Айбек Асқарбекұлы. 

«Ордабасы құс»  фабрикасын «QMDB Halal» стандарты бойынша сәйкестендіру шаралары әлі де аяқталмағандығын  және де сертификаттау нәтижесін алдағы уақытта хабарлайтынымызды ескертеміз!

Бөлісу: