ТҮРКІСТАН ОБЛ.: "ҚАЙЫП АТА" ҚАСАПХАНАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ
"Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлының еліміздің оңтүстігіне бағытталған іссапары барысында Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қ.Датқа елді-мекеніндегі "Қайып ата" қасапханасы тексерілді. Тексеріске жергілікті инспектор-контролер Қазыбек Сарыбаев та қатысты.
"QMDB halal" сертификатын алған кәсіпорындар ай сайын басшылықтың, мамандардың, жергілікті бақылау-қадағалаушы өкілдердің қатысуымен тұрақты тексеріс шаралары жүрзіліп тұрады.
" Адам баласының қажетіне жаратылған төрт-түлік шариғат жолымен сойылмайынша, еті адал және таза болмайды. Абдулла ибн Омар (р.а.) жеткізген хадисте бауыздамай жеуге рұқсат етілген ет жөнінде: «Бізге екі өлексе ғана адал етілген, олар: балық пен шегіртке», - деп айтылған. Мал соятын адам – ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылман болуы керек. Теориялық тұрғыда, жеті жастан асқан әрі союдың мәнісін түсінетін бала бауыздаса, оның сойған малының еті – адал. Малды құбылаға қаратып сою – абзал. Төрт-түлік малды электр тогымен құлатып барып, бауыздау әдістерін естіп-көріп жүрміз. Ең сорақысы, малдың маңдайынан ауыр темір затпен ұрып барып, соятындар да кездеседі. Бұл – малды қинау, азаптау. Мұндайға шариғатымыз қатаң тыйым салады. Ондай малдың еті арам, өлексе болып қалады. Ауыр соққы тиіп өлуге айналған малдың қаны етіне тарайды. Ондай ет адам ағзасына зиян және ауру қоздырғыш бактериялардың жылдам көбейіп кетуіне себеп болады. Сондықтан малды дұрыс союға, етін адал өңдеуге ерекше көңіл бөлуіміз қажет", – деген Айбек Асқарбекұлы қасапханадағы тексеріс барысында шариғат және стандарт талаптарына сай мал бауыздап, ет өңдеу кезеңдері толықтай бақылаудан өткізілдегендігін және де қасапшылардың білімін жетілдіру мақсатында оқу-семинар жүргізілгендігін жеткізді.
Мамандар тарапынан толтырылған акт қорытындысына сәйкес, "Қайып ата" қасапханасы "Халал Даму"бекіткен талапарға сай қызмет көрсететіні анықталды. Стандарт талаптарын бұзу жағдйалары анықталмады.