Шымкент: Қасапшыларға халал турасында семинар өткізілді
**Ел аумағында шариғат талаптары және халал стандарты бойынша қасапшыларды оқытуға бағытталған "Қасапшылық сауапты һәм жауапты іс" жобасы жұмыс жасайды.** Өңірді халал ет өнімдерімен қамтамассыз етіп, халал қасапшылар жұмысын жандандыру мақсатында Шымкент қаласы бойынша жауапты өкіл Сарыбаев Қазыбек жергілікті бірқатар қасапшыларға семинар өткізді. Құран Кәрімде: «Уа, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасын жеңдер!» («Бақара» сүресі, 2/168), -деген. Сондықтан-да малдың етінің шариғат жолымен сойылған, сойылмағаны, әсте маңызды. Шындығында, базардан сатып алынған немесе кафе, мейрамханалардағы ет қосылған тамақтарды жеу, кімнің бауыздағанын білмегендіктен күмән тудырады. Алайда, ол тамақтан шошып, үріккенше, білмей жатса, ислам көрсеткен мал сою шарттарын айтып, түсіндірген абзал", – деген өкіліміз қасапшыларға Ислам әдебі мен стандарт талаптары бойынша мал бауыздау ерекшеліктерін түсіндірді. ![1b79970b-69d8-4a52-9e14-60f2cf0ebfff.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5ff/554/a78/5ff554a784e78440499453.jpg) [![3a9b029b-2830-409f-a51b-1a5e4dc0ba61.jpg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5ff/554/aab/5ff554aab4da0192795418.jpg)](http://)