Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 қыркүйек 2022

226

Жаңалықтар

«Шымкент құс» фабрикасы тексерілді

Шымкент қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі  — «Шымкент құс» фабрикасында кезекті тексеріс жұмыстары жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму»  директоры Айбек Асқарбекұлы бастаған технолог пен өкілдер орындады. 

«Қазақстанда өнеркәсіптік құс өсіру қазіргі кезде мал шаруашылығының неғұрлым дамыған салаларының бірі. Республикада құс еті мен жұмыртқасын өндіру көлемі бірте-бірте ұлғайып келеді. Алайда, шариғат және халал стандарт талаптарына сай өндірісін айналдырған құс фабрикалар саны аз. 

Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған «Шымкент құс» фабрикасы жылына бірнеше мыңдаған тонна құс етін өндіруге қауқарлы. Дайын өнімдер оңтүстік,  солтүстік өңірлерге, алыс-жақын аудан, ауылдарға тасымалданады.  Тексеріс барысында құстардың жем-азығынан бастап, шариғатқа сай бауыздалуы, өңдеу, өндіру, сақтау, тасымалдау процесстері толықтай тексерілді», — деген Айбек Асқарбекұлы аудит қорытындысы оң нәтиже көрсеткендігін, бекітілген халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмегендігін хабарлады.

Сонымен қатар, құс фабрика қызметкерлері мен қасапшыларына шариғат және халал стандарты талаптарына сай мал бауыздап,  ет өңдеу бойынша біліктілікті арттыру оқу-семинары өткізілді.

Бөлісу: