Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

15 қараша 2020

124

Жаңалықтар

Шымкент: шұжық цехтарымен семинар

**Шымкент қаласында орналасқан «ҚМДБ халал» шұжық цехтарының басшылары, технолог мамандары және қасапшыларының қатысуымен семинар өткізілді. «Халал Дамудың» жергілікті жауапты өкілі Сарыбаев Қазыбектың ұйымдастыруымен өткізілген оқу-семинарға Сайрам тұрғын алабы және Абдулла Абат тұрғын алабында орналасқан шұжық өндіруші кәсіпорындар қатысты.** Семинар барысында халал стандарты бойынша өнім өндірудің ерекшеліктері, «Халал Даму» тарапынан қойылатын талаптар мен бақылау-қадағалау шараларын жүргізудің маңыздылығы, жергілікті тұтынушыларды халал шұжық өнімдерімен қамтамасыз ету қажеттігі түсіндірілді. Сертификат алуға өтініш білдірген «Нұр-Дәулет» шұжық цехының жұмысымен танысып, «ҚМДБ халал» серттификатының маңыздылығы жеткізілді. Сонымен қатар жақында ғана жаңартылып, іске қосылған «Халал Дамудың» www.halaldamu.kz сайты таныстырылды. ![WhatsApp Image 2020-11-15 at 17.12.40 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/10e/9f8/5fb10e9f8bc63228746681.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-15 at 17.13.24.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/10e/a7e/5fb10ea7efcae354432206.jpeg) ![WhatsApp Image 2020-11-15 at 17.12.40.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/5fb/10e/c28/5fb10ec28da1c132931352.jpeg)

Бөлісу: