Шымкенттегі кәсіпорындар мен мамандар сертификат алды
Бүгін қасиетті Жұма күні "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы Шымкент қалалық орталық мешітінде өңірдегі бірқатар кәсіпорындар мен мамандарды сертификаттады. Атап айтқанда, ЖК "Эртаев", ЖШС "Алан"-ға "QMDB Halal" сертификаты, Хасанбаев Камилиддинге қасапшы куәлігі табысталды. Ал, жақында ғана Шымкент қаласы бойынша жауапты технолог қызметіне тағайындалған Аружан Аралбайға растаушы куәлігі берілді. Сонымен қатар, рәсімге қатысушыларға "Muftyat" баспасынан жарық көрген "Халал - шариғат талабы" кітабы тарту етілді.
Марапаттау соңында Айбек Асқарбекұлы қатысушыларға халал турасында уағыз-насихат айтып, өңірдегі "Халал Даму" өкілідігі мен жергілікті кәсіпкерлердің халал саласына қосқан үлестеріне алғысын білдірді.