«SilverBio» дезинфекциялық өнімдері сертификатталды
«KazNetwork» кәсіпорнының «SilverBio» дезинфекциялық өнімдері «QMDB Halal» сертификатына ие болды. Аталған дезинфекциялық өнімдер «Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына» сай деп танылды.
«KazNetwork» кәсіпорында сертификаттау жұмыстарын жүргізген технолог маман Айзат Ермекқызы: «SilverBio» өнімдері табиғатта кездесетін бактериялармен күресуге арналған тазартушы препараттар. Бұл өнімдер инфекциялық микробтардың таралу қаупін азайтуға көмектеседі. «SilverBio» дезинфекциялық өнімдеріне лабороториялық сынақ жүргізіліп, толықтай тексерістен өткендігін және кәсіпорын өнімдері бекітілген халал стандарты талаптарына сай», – деп хабарлады.