Өскемен қаласында семинар-тренингтер жүргізілді
"Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы мен технолог Әсел Мақсатқызы Өскемен қаласына іс-сапармен келді.
Айбек Асқарбекұлы Шығыс Қазақстан облыстық орталық Халифа Алтай мешітінде жиналған жамағатқа уағыз насихат айтылды. Сол уақытта Әсел Мақсатқызы әйел жамағатына "Халал шариғат талабы" тақырыбында семинар жүргізді.
"Халал – барша мұсылмандардың күнделікті тыныс-тіршілігіне қатысты шариғат тыйым салмаған іс-әрекеттер шеңберін қамтитын тек Ислам дініне тән ұғым. Оның бір саласы мұсылман жұртшылығының ас-ауқат, тағамына қатысты. Қасиетті Құран кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Біз ризықтандырған тағамдарды жеңдер. Алла тағалаға шүкіршілік етіңдер. Оған ғана құлшылық етіңдер», («Бақара» сүресі, 172-аят), – делінген. Бүгінде бүкіл әлем бойынша халал өндірісі ерекше қарқынмен дамуда. Азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, парфюмерия мен фармакология және т.б. салалар да халал өндірісіне айрықша ден қоюда.Сайып келгенде, мұсылман адамның өмірі халалдың мәні мен мазмұнымен тамырласып жатыр. Демек, халал ұғымының өзі тұтас бір индустрия, белді ғылым деген сөз",– деп халалдың аясын тереңірек түсіндірілді. Семинар барысында стандарттау және сертификаттауға қойылатын талаптар мен ерекшеліктер, халал өндіріс технологиясы, тағамдық қоспалар, бақылау-қадағалау шараларының өткізілуі секілді мәселелер талқыланып, имамдар сұрақтарына жауап берілді.