ӨСКЕМЕНДЕГІ КӘСІПОРЫНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ
«Халал Дамудың» технологы Нұрбек Қанатұлының Өскемен қаласына іс-сапары барысында өңірдегі бірқатар кәсіпорындар тексерілді. Аудит шарасына жергілікті бақылаушы маман Үмбет Досжан да қатысты.
«Өскемен – халал кәсіпорындардың сирек шоғырланған өңірі. Десе де, аймақта ірі индустриялық кәсіпорындар бар. Бүгін сондай өндіріс орындарында айлық аудит шараларын жүргіздік. Атап айтқанда, «Magnum Cash & Carry» сауда орындарындағы ет және шұжық өнімдері, «Корпорация Восток-Молоко» сүт фабрикасы, «Айтас-МП» шұжық өндірісі, «Өскемен құс фабрикасы», «Кулаев» кәсіпорнына қарасты «Кафе халал» дәмханасы, ЖК «Арсанукаева М.С»-ның «Медина» дәмханасы, «Mилано Кейкс» кондитерлік цехында бекітілген халал стандарт талаптарын сақтауы және орындауы қадағаланды. Аудит барысында халал стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді», – деп хабарлаған маманымыз тексеріс қорытындысы оң нәтиже көрсеткенін жеткізді.
Айта кетейік, Өскемендегі аудит шаралары әлі де жалғасатын болады.