
"Сары-Арқа-Аюлы" қасапханасы мен ет дүкені сертификат жаңартты
**Көшпелі замманнан бері қазақ дастарханынан ет үзілмеген. Күні бүгінге дейін, құдайы қонағына асулы еті дайын тұратын қазақ халқының ас мәзірін етсіз елестету мүмкін емес.** Бүгін шаһар тұрғындарына «Сары-Арқа-Аюлы» атымен танымал ет дүкенінің сертификаты жаңартылды. Дүкеннің өнімдері толық тексерістен өткізілді. Аталмыш кәсіпорын 1:2016 "Мал бауыздау және ет өңдеу" және 1:2015 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты бойынша қадағалануда. Сертификатты ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Абдрахманов Ысқақ табыстады.      ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі