Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

20 тамыз 2024

173

Мақалалар

ТАҒАМДЫҚ ҚОСПАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Тағамдық қоспаларды өндіргеннен кейін оның денсаулыққа зияны анықталып, қолданудың ең аз мөлшері белгіленіп, жануарларға жылдар бойы тест жүргізіледі. Егер бұл тест нәтижесінде тағамда қолданылатын қоспалардың зиянсыз екендігі анықталса және оның қолдану мөлшері тұтынушының денсаулығына зиян келмейтіндігі анықталса халықаралық ұйымдар аталмыш қоспаларды қолдануға рұқсат береді.

Рұқсат берілгеннен кейін бұл қоспаларды қандай тағамға қолдану қажеттігі мен оны қолданудың максимум мөлшері белгіленеді. Жануарларға жасалған токсикологиялық тест бойынша қоспалардың жануарларға зиян бермейтіндей дозасы анықталса оған NOAEL (No observed adverse effect level=Ешқандай зияны байқалмаған мөлшер) делінеді. Бұл дозаны анықтау үшін қоспаларды жануарлардың орта өмір сүру жасының 70-80 пайызын қамтитындай уақыт бұл доза берілуі керек және жануарға ешқандай зиян келмеуі қажет. Егер аталмыш доза табылмаса о бастан бұл қоспаға рұқсат берілмейді.

NOAEL дозасы жануардың салмағының киллограмына бір грамм деп есептеледі. Бірақ нәтижеде бұл дозаның адамдарға қалай әсер ететінін нақты анықталмағанын ескеріп және адамдардың әртүрлі болуын есепке алып оны 1/100 деп анықталған қауіпсіздік коэффициентіне бөлінеді және осылайша адамдар үшін ADI (Асceptable daily intake=рұқсат етілген күндік ең жоғары тұтыну мөлшер) бағалауы белгіленеді. Басқаша айтар болсақ, ADI бағалауы бір адам өмір бойы тұтынған жағдайда оған зиян бермейтіндей мөлшер. ADI бағалауын адамның салмағына сай бір киллограмға бір грамм есебінде қолдануға болады.Жануарларға жасалған аталмыш тесттердің нәтижесі JECFA, EFSA және FDA секілді ұйымдар тарапынан құпталғаннан кейін бұл қоспаларды белгіленген дозада қолдануға рұқсат беріледі. Қайсыбір тағамдық қоспаға токсикологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде оның NOAEL және ADI бағалауларына лайық болғандығы анықталғаннан кейін, оған Европалық одақ тарапынан «Европа» сөзінің бас әріпін болып табылатын «Е» белгісі беріледі. Осылайша «Е» белгісі қандай да бір қоспаның қолдануға жарамды екенін және оған Европа одағы құрамындағы елдер аймағында рұқсат етілгенін көрсетеді.

Бөлісу: