Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

07 мамыр 2021

87

Жаңалықтар

ТАЛДЫҚОРҒАН: "DANAI FOOD" КОНДИТЕРЛІК ДҮКЕНІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

Талдықорған қаласында  орналасқан «Danai food» кондитерлік өнімдер дүкені қасиетті Рамазан айында «QMDB halal» сертификатына ие болды. "Халал Дамудың" Талдықорған  өңірі бойынша аймақтық жауапты өкілі Мұхаммед Ордыбай «Danai food» кондитерлік дүкеннің иесі  Багжан Ибрайкызына «QMDB halal» сертификатын табыстады.

«Халал Даму» мамандары жүргізген тексеріс  нәтижесінде аталмыш дүкеннің кондитерлік  өнімдерді "Халал өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы  талаптар стандартына" сай деп танылды. Сертификат 06.04.2021-05.04.2022 мерзімі аралығында жарамды.

«Danai food» кәсіпорнына сертификат табыстаған Мұхаммед Ордыбай алдағы уақытта  айлық бақылау-қадағалау шаралары өткізіліп тұратындығын ескертті.

Бөлісу: