ТАЛДЫҚОРҒАН: "ХАЛАЛ ДАМУ" ӨКІЛДІГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ
"Халал Дамудың" Талдықорған өңірі бойынша жергілікті өкілдігінің ұйымдастыруымен 100 адамға ауызашар қорабы таратылып,әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, көмекке мұқтаж жандардың жанашыр қамқоршысы болып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – Алланың мейірімі мен сауабынан үміт еткен жаңдардың ізгі амалдарының бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қайырымдылық жасауды қаржылай көмек көрсету ғана деп ұқпау керек. Сөзбен де, іспен де, басқа жолдармен де қайырымдылық жасау – борышымыз. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіндігің жетіп тұрса неге қол ұшын созбасқа?!",- дейді "Халал Дамудың" жергілікті жауапты өкілі Мұхаммед Ордабай.
Айта кетейік, қасиетті Рамазан айында бастау алған қайырымдылық шаралары "Халал Дамудың" жергілікті өкілдерінің ұйымдастыруымен еліміздің әр өңірінде өз жалғасын табуда.