Талдықорған: "Happy cake" кондитерлік өнімдері сертификатталды
**Талдықорған қаласында орналасқан «HAPPY CAKE» кондитерлік өнімдер дүкені «ҚМДБ Халал» сертификатын алды.** ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша Бас имамы Оразбай Ардақ Нұсіпханұлы мен «Халал Даму» мекемесінің жауапты, аймақтық өкілі Мухамет Ордыбай «HAPPY CAKE » ұйымының басшысы Смагулова Балжан Саметқызына сертификат табыстады. «Халал Даму» мекемесінің жүргізген тексеріс нәтижесінде аталмыш дүкеннің кондитерлік өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге,сақтауға,тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар халалдың стандартына сай екені анықтады. Сертификат жарамдылық мерзімі 10.02.2022жылға дейін. ![WhatsApp Image 2021-03-04 at 19.21.45.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/6fe/325/6046fe3259c3a627777601.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-04 at 19.21.45 (1).jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/604/6fe/3e9/6046fe3e9fc5f771562461.jpeg) ҚМДБ-ң Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі