Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

23 ақпан 2021

63

Жаңалықтар

Талдықорған: "Tandoor" дәмханасына айлық тексеріс жүргізілді

**Астың адал болмағы ұрпақтың ақылды, саналы, тәрбиелі болып өсуіне әсер етеді. Сондықтан мұсылман елдері жейтін тағамы мен ішетін сусынының тазалығына баса назар аударады. Аллаға шүкір, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан Республикасында «Халал» стандарты қолға алынып, азық-түлік шығаратын мекемелер мен тауар өндіретін өндірістердің өнімін қадағалауға алып келеді.** Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты «Халал» стандартын беретін «Халал даму»мекемесінің мамандары Талдықорған өңірнің орталығында да тұрақты жұмыс істеп, игілікті істің ұйытқысы болып келеді. Талдықорған қаласында орналасқан «ҚМДБ Халал» стандартынан өткен асханаларға айлық тексеру жүргізген жауапты маманы Мұхамед Ордыбай «Н.Назарбаев» көшесі, 99 мекен-жайда орналасқан «TANDOOR» дәмханасына арнайы барып, аспаздарды халал стандартының барлық талаптарын сақтауға шақырды. Себебі адал ас мұсылман өмірінің және құлшылығының маңызы екенін түсіндіріп, тағамның тазалығы қоғамның түзелуіне ықпал ететінін атап өтті. Сөз арасында ет өнімдері мен ас мәзіріне қолданылатын дәмдеуіштердің өзін мұқият тексеруден өткізу қажеттігін ескерткен маман көбіне өзбек асханасын дайындайтын «TANDOOR» дәмханасында өрескел кемшіліктердің жоқтығына көз жеткізді. Ескерте кетейік, «TANDOOR» дәмханасы Талдықорған қаласында алғашқы болып халал стандартын алған асханалардың бірі саналады. Қазіргі таңда дәмхана аспаздары көпшілікке адал астың көптеген түрі мен нешетүрлі сұйық тағам өнімдерін ұсынып, халыққа мүлтіксіз қызмет көрсетуде. «TANDOOR» дәмханасына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі биылғы наурыз айының 16-на дейін алынған. Дәмхана жетекшісі сертификат мерзімін ары қарай ұзартатынын жеткізді. ![WhatsApp Image 2021-02-22 at 16.18.07.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/603/4b8/4f3/6034b84f324e7360715769.jpeg) Талдықорған мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: