
«ТАНДЕМ» ӨНІМДЕРІ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе облысындағы «Молочные истории - А» қышқыл сүт өнімдерін өндіруші жетекші кәсіпорын «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталды. Аталған кәсіпорынның «Тандем», «Тандем Іight» өнімдері «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтау, сату» стандарты талаптарына сай деп танылды. Сертификатты «Нұр-ғасыр» мешітінің бас имамы Садиев Амантай табыстады.
«Сертификаттау процесі өндіріс орнының халал талаптарына сай екендігін растау мақсатында жүргізілді. Тексеру барысында шикізаттың құрамы, өндірістік жабдықтардың тазалығы, сақтау және тасымалдау шарттары жан-жақты сарапталды.
«Молочные истории – А» компаниясы тұтынушыларға сапалы әрі қауіпсіз өнім ұсынуды басты міндеті деп санайды. Халал сертификатына ие болу – кәсіпорынның адал өнім өндіруге деген жауапкершілігінің айқын дәлелі. Алдағы уақытта компания халал өнімдер желісін кеңейтуді жоспарлап, тұтынушыларға табиғи және жоғары сапалы сүт өнімдерін ұсынуды жалғастырады», – дейді маманымыз.
«Молочные истории – А» кәсіпорнына берілген сертификат 24.02.2025-23.02.2026 жж аралығында жарамды. Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, М.Арынов көшесі, 1В.