Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 желтоқсан 2020

42

Жаңалықтар

Талдықорған кәсіпорындарында тексеріс жүргізілді

**«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Талдықорған өңіріндегі іссапары барысында «Tandoor» шәйханасы, "Bazilic" дәмханасы, "Арафат" және "Нарат" тамақтану орындары, "Кривита" бөдене шаруашылығы, "Мясной мир" ет дүкенінде кезектен тыс тексеріс жұмыстары жүргізілді.** Бақылау-қадағалау шараларына жергілікті инспектор-контролер Мұхаммед Ордабай да қатысты. Мамандар тарапынан жүргізілген аудит барысында кәсіпорындарда «ҚМДБ халал» стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Барлық кәсіпорындарда санитарлық тазалық толықтай сақталған. Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуда «Халал Даму» мамандары тарапынан бекітілген стандарт талаптары орындалатындығына көз жеткізілді.

Бөлісу: