
Тараз: Шұжық цехтары тексерілуде
**"Халал Дамудан" сертификаттаудан өткен кәсіпорындарда ай сайын жүргізілетін аудит шаралары Жамбыл облысында орналасқан шұжық цехтарында жалғасуда.** Халал Даму – кәсіпорындарды сертификаттап қана қоймай, әр кәсіпорынның бекітілген стандарт талаптарын сақтауын қатаң қадағалайды. Негізгі мақсат – астың адалдығын, тағамның қауіпсіздігін, өнімнің залалсыздығын қамтамасыз ету. Халықтың сұрауын орындау, тұтынушылардың сенімін ақтау. Бақылау-қадағалау шараларын орындау мақсатында Жамбыл облысына арнайы барған "Халал Даму" маманы Данияр Сафиев пен жергілікті өкіл Нұрмаджан Миразизов: 1. "Рыжибаев". Сауда белгілері: «Асланбек», «Сарайшик», «Ағайындар», «Бис», «Бек», «Эдем», «Мясной век»; 2. "Best Asian Trade". Сауда белгілері: «Каусар» «Азамат» «Рублевская» «Мясной Король», «Эверест»; 3. "Қыдырбаев". Сауда белгілері: «DAS», «Дермен», «АРДАМ», «Шафран», «Мирас» шұжық цехтарын тексерістен өткізді; 4. "Касымова Лола". Сауда белгілері: «10 МДМ», «МДМ Тараз», «Магнит», «Восток», «Ассорти». Бақылау-қадағалау қорытындысы бойынша "ҚМДБ халал" стандарт талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмеді. Кейбір шұжық цехтарына санитарлық-тазалық бойынша ескерту жасалынды.  