Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

29 тамыз 2024

541

Жаңалықтар

АҚТӨБЕ: «АЙС» ЖӘНЕ «MILKY LAND» СҮТ ӨНІМДЕРІ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен халалдың Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкіл Алмат Амангелдіұлы, технолог Ақмаржан Ержанқызы «Айс» және «Milky Land» сүт зауыттарында айлық аудит жұмыстарын жүргізді.

«Аталған кәсіпорындарда сүт өнімдерін өндіру барысында замануи және жоғарғы сапалы, құрал-жабдықтар қолданылады. Тексеріс барысында дайын өнімдерді сақтау, қаптау, тасымалдау кезеңдерінің халал талаптарына сай болуы қарастырылды. Аудит нәтижесінде анықтағанымыздай, сүт зауыттарының барлық өндіріс процессінде «QMDB Halal» стандарт талаптары сақталған және өнімдер жоғары сапада өндірілуде», – деп хабарлайды жергілікті маманымыз.

Бөлісу: