Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

28 тамыз 2024

494

Жаңалықтар

АҚТӨБЕ: «ДАЛА ЕЛІ» ҚАСАПХАНАСЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлының Ақтөбе облысына іс сапары барысында «Дала елі» қасапханасында бақылау-қадағалау жұмыстары жүргізілді. Аудит шараларына жергілікті мамандар Алмат Амангелдіұлы мен Ақмаржан Ержанқызы да қатысты.

Тексеріс барысында мал бауыздау және союға қатысты қойылатын халал стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі, «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақты қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы, малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген стандартқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді кезеңдерінде бекітілген талаптардың жүйелі жүзеге асуы ескерілді. Қорытынды актіге сәйкес, тексеріс барысында халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.

Бөлісу: