АҚТӨБЕ: «ДӘМДЕС» ЖАРТЫЛАЙ ФАБРИКАТТАРЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
Ақтөбе қаласындағы «Otau Market» кәсіпорнының «Дәмдес» сауда белгісімен шығарылатын жартылай фабрикат өнімдері «QMDB Halal» стандарты талаптарына сай сертификатталды. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Алмат Амангелдіұлы жұма намазына жиналған жамағат алдында кәсіпкерге халал сертификатын табыстады.
«Сертификаттау барысында кәсіпорынның шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі барлық өндірістік үдерісі мұқият тексеріліп, технологиялық процесстердің шариғат және «QMDB Halal» стандарттарына сәйкестігі анықталды. «Дәмдес» сауда белгісімен шығарылатын өнімдер құрамында тыйым салынған қоспалар мен ингредиенттердің жоқтығы расталып, сертификат табыстау жөнінде шешім қабылданды», – деді өкіліміз.
Алмат Амангелдіұлы өз сөзінде кәсіпорын басшылығы мен ұжымына адал еңбек етіп, халал стандарттарына сай жұмыс істегені үшін алғыс айтып, бұл сертификат тұтынушылардың сенімін арттыруға және отандық өнімге сұранысты көбейтуге септігін тигізетінін атап өтті.
«Otau Market» кәсіпорнына берілген «QMDB Halal» сертификаты 10.12.2024-09.12.2025 жж аралығында 1 жылға жарамды. Мекен-жайы: Ақтөбе, Гастелло көшесі, 2Е.