Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

04 ақпан 2025

30

Жаңалықтар

АҚТӨБЕ: «РОКОС КО» ШҰЖЫҚ ЦЕХЫ ТЕКСЕРІЛДІ

«Халал Даму» жергілікті өкілі Алмат Әли мен технология саласының маманы Ақмаржан Ержанқызы ЖШС «РОКОС Ко» шұжық цехында айлық аудит жұмыстарын жүргізіп, халал стандарттарының талаптарының сақталуын тексерді.

Аудит нәтижесінде Алмат Әли мен Ақмаржан Ержанқызы цехтың халал стандарттарына толық сәйкес жұмыс жасайтынын анықтап, жоғары бағалады. Дегенмен, бірнеше маңызды аспектілерді жетілдіру қажет екендігі де анықталды. Мәселен, шикізаттың тегіне және оның көздеріне қатысты құжаттаманы толықтыра отырып, өнімдердің сапалық көрсеткіштерін жақсарту ұсынылды. Бұл шаралар өнімдердің халал стандартына сәйкес болуын қамтамасыз етуге және оның тұтынушыға жеткенде сапасының жоғарылығын сақтауға бағытталған.

Сондай-ақ, аудит барысында цех жетекшілігіне ай сайынғы аудит нәтижелері бойынша тұрақты мониторинг жүргізу және қажетті түзету шараларын уақытылы енгізу жөнінде ұсыныстар берілді. Бұл ұсыныстар цехтың жұмысын үнемі жетілдіріп, халал стандарттары талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

Бөлісу: