Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы
«Халал Даму»стандарттау және сертификаттау орталығы

18 наурыз 2021

52

Жаңалықтар

АЛМАТЫ: "TERRITIMA" ШҰЖЫҒЫ СЕРТИФИКАТТАЛДЫ

**"Al'BA Foods Company" кәсіпорнының "TERRITIMA" сауда белгісімен шығарылатын шұжығы "ҚМДБ халал" стандарты бойынша сертификатталды.** Технолог мамандар мен бақылаушы-инспекторлар тарапынан толықтай тексерілген, шұжық "Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандартына" сай деп танылып, "Халал Дамудың" Алматы қаласы бойынша жауапты өкілі Чадаев Маратхан "ҚМДБ халал" сертификатын табыстады. "Халалды негізге ала отырып, шариғатқа сай адал әрі таза азықты халық игілігіне ұсынғандарыңызға Алла разы болсын! Сапа мен адалдықты қатар үйлестіріп, ел үміті мен сенімін ақтайсыздар деген сенімдеміз", – деген Маратхан мырза алдағы уақытта міндетті түрде бақылау-қадағалау шаралары жүргізіліп тұратындығын жеткізді. "Al'BA Foods Company" шұжықтарына берілген сертификаттың жарамдылық мерзімі 05.03.2021-04.03.2022 ![territima-varenaya-kolbasa.png](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/335/0ad/6053350ad1fcb987369670.png) ![WhatsApp Image 2021-03-18 at 17.04.53.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/334/29c/60533429cc66a373080105.jpeg) ![WhatsApp Image 2021-03-18 at 17.04.51.jpeg](https://halaldamu.kz/storage/app/uploads/public/605/334/301/6053343012cfa845986431.jpeg)

Бөлісу: